КММ « Жамбыл облысы әкімдігінің
жерлерді пайдалану және
қорғалуын бақылау басқармасы»

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ: 09.00 - 19.00, ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13.00-15.00
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ: СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ.
Қазыбек би 2 бұрылысы, 26
жүру сызбасы

+7 7262 45 28 07
кері байланыс

Латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті.

Новости

Қазақ тілінің жаңа жазуын кеңінен насихаттау және жаза білу мақсатында, 2019 жылдың 4 мамырында «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» КММ-нің қызметкерлері жалпыхалықтық диктантқа қатысты.

Қазақ тілінің жаңа жазуын кеңінен насихаттау және жаза білу мақсатында, 2019 жылдың 4 мамырында «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және…

Толығырақ

18.03.2019

Новости

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Басқарма қызметкерлері қараағаш түп талдарын отырғызып, табиғаттың гүлдеуіне үлес қосты.

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Басқарма қызметкерлері қараағаш түп талдарын отырғызып, табиғаттың…

Толығырақ

Әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау.

Новости

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы екі көп балалы ананың шаңырағына барып, арнайы құттықтады. Әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарға азық-түлік корзинкасы: ұн, қант

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы екі көп балалы ананың шаңырағына барып,…

Толығырақ

Мемлекеттік қызметшінің ант беруі.

Новости

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды

Толығырақ

Семинар 17.01.2019

Новости

Семинар 17.01.2019

Толығырақ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

Новости

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

Толығырақ

03.09.2018

Новости

«Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық іс-шарасына «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» белсене атсалысты. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 3 (үш) жанұяға

«Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық іс-шарасына «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау…

Толығырақ

15.07.18

Новости

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша облыс аудандарындағы кездесулер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша облыс аудандарындағы кездесулер туралы ақпарат

Толығырақ

27.04.2018

Новости

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отын соғысы ардагері Мамедову Зою Алиевну құттықтады!!! 73 жыл бұрын мамыр көзге жас алғызып, жүрекке қуаныш ұялатқан бақытты айлардың бірі

Управление по контролю за использованием и охраной земель акимата Жамбылской области поздравил Ветерана Великой Отечественной Войны Мамедову ЗоюАлиевну с 73 ЛЕТИЕМ ВЕЛИКОЙ…

Толығырақ

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Новости

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2017 жылдың 01 тамыз және 30

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі…

Толығырақ

29.08.17

Новости

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 2017 жылы 29 тамыз күні сағат 10.00-да Басқарма ұжымының қатысуымен мекемеде мемлекеттік Гимні орындалды.

Толығырақ

02.06.2017

Новости

02.06.2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасында «Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмау» атты тақырыпта Дөңгелек стөл өтті.

Толығырақ

03.06.17

Новости

«EXPO-2017» халықаралық көрмесіне және ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Шахматтан ерлер арасында 1 орын алған Әсембаев Жамалбек Айманұлыны Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану жән

Толығырақ

4 июня 2017

Новости

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне» байланысты 2017 жылы 4 маусым күні сағат 11.00-де басқарма ұжымының қатысуымен мекемеде мемлекеттік Гимні орындалды.

Толығырақ
Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтiнiштерiн есепке алу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштері есепке алуға жатпайды.Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады. Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы  заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс.Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.Осы тармақтың талабы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

 Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.  Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау

 Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде:

       1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi;

       2) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;

       3) арыз берушiлердi олардың өтiнiштерiн қарау нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;

       4) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа субъектiлерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабардар етедi.

Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын өтініштерді қоспағанда, өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлер, құжаттар мен басқа да материалдар өтiнiштердi тiкелей қарайтын субъектiлерге немесе лауазымды адамдарға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ұсынылады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiру, заңды әлденеше рет немесе өрескел бұзушылықтар туралы өтiнiштер субъект басшысының тапсырмасы бойынша жергiлiктi жерге барып тексерiлуi мүмкiн.

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады:

       1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;

       2) осындай шешiм қабылдауды негiздей отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы;

       3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы;

       4) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы.

Бiр тұлғаның мүддесi үшiн бiр мәселе бойынша бiрнеше өтiнiш келiп түскен кезде бiрiншi өтiнiш негiзгi өтiнiш ретiнде тiркеледi, ал кейiнгiлерi негiзгi өтiнiшке қоса тiркеледi және бiрiншi өтiнiш келiп түскен күннен бастап есептелетiн белгiленген мерзiм шегiнде оларды шешудiң нәтижелерi туралы арыз берушiлерге хабарлана отырып, бiр өтiнiш ретiнде қаралады.
Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар

Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. Қандай да бiр ұсынымдар, талаптар, өтiнiшхаттар, өтiнiш айтулар болмаған кезде өтiнiштер назарға алынады және оларды субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары iске жабады.

Өтiнiштердi қарауды тоқтату

Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады.Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

 Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Қарауға жатпайтын өтiнiштер

Мыналар қарауға жатпайды:

       1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

       2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.
Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Интерактивті сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Сенім телефоны +7 7262 45 28 07
prez
gos2
ultzh