КММ « Жамбыл облысы әкімдігінің
жерлерді пайдалану және
қорғалуын бақылау басқармасы»

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ: 09.00 - 19.00, ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13.00-15.00
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ: СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ.
Қазыбек би 2 бұрылысы, 26
жүру сызбасы

+7 7262 45 28 07
кері байланыс

Латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті.

Новости

Қазақ тілінің жаңа жазуын кеңінен насихаттау және жаза білу мақсатында, 2019 жылдың 4 мамырында «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» КММ-нің қызметкерлері жалпыхалықтық диктантқа қатысты.

Қазақ тілінің жаңа жазуын кеңінен насихаттау және жаза білу мақсатында, 2019 жылдың 4 мамырында «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және…

Толығырақ

18.03.2019

Новости

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Басқарма қызметкерлері қараағаш түп талдарын отырғызып, табиғаттың гүлдеуіне үлес қосты.

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Басқарма қызметкерлері қараағаш түп талдарын отырғызып, табиғаттың…

Толығырақ

Әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау.

Новости

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы екі көп балалы ананың шаңырағына барып, арнайы құттықтады. Әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарға азық-түлік корзинкасы: ұн, қант

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы екі көп балалы ананың шаңырағына барып,…

Толығырақ

Мемлекеттік қызметшінің ант беруі.

Новости

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды

Толығырақ

Семинар 17.01.2019

Новости

Семинар 17.01.2019

Толығырақ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

Новости

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

Толығырақ

03.09.2018

Новости

«Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық іс-шарасына «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» белсене атсалысты. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 3 (үш) жанұяға

«Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық іс-шарасына «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау…

Толығырақ

15.07.18

Новости

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша облыс аудандарындағы кездесулер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша облыс аудандарындағы кездесулер туралы ақпарат

Толығырақ

27.04.2018

Новости

Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отын соғысы ардагері Мамедову Зою Алиевну құттықтады!!! 73 жыл бұрын мамыр көзге жас алғызып, жүрекке қуаныш ұялатқан бақытты айлардың бірі

Управление по контролю за использованием и охраной земель акимата Жамбылской области поздравил Ветерана Великой Отечественной Войны Мамедову ЗоюАлиевну с 73 ЛЕТИЕМ ВЕЛИКОЙ…

Толығырақ

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Новости

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2017 жылдың 01 тамыз және 30

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі…

Толығырақ

29.08.17

Новости

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 2017 жылы 29 тамыз күні сағат 10.00-да Басқарма ұжымының қатысуымен мекемеде мемлекеттік Гимні орындалды.

Толығырақ

02.06.2017

Новости

02.06.2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасында «Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмау» атты тақырыпта Дөңгелек стөл өтті.

Толығырақ

03.06.17

Новости

«EXPO-2017» халықаралық көрмесіне және ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Шахматтан ерлер арасында 1 орын алған Әсембаев Жамалбек Айманұлыны Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану жән

Толығырақ

4 июня 2017

Новости

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне» байланысты 2017 жылы 4 маусым күні сағат 11.00-де басқарма ұжымының қатысуымен мекемеде мемлекеттік Гимні орындалды.

Толығырақ
Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ КОНКУРС

қосымшалар

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

қосымшалар

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: 

D-О-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

108306

146177

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді және геодезиялық бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор, санаты D-О-4, 1 бірлік, №3-2.

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін:
жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.
D-О-5санаты үшін:
жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

          жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1  санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;     

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

           

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы



Санаты

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

1

D-3

123257

166564

2

D-O-2

163232

220698

3

D-O-3

109932

148242

4

D-O-3

   
 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Жамбыл облысы әкімі аппараты мен Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы,  D-3 санаты, (№05-1-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Тараз қаласы мен облыстың кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылық, ветеринария, индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, ауылшаруашылық және ветеринария саласындағы аумақтық мекемелер, туризм, ауылшаруашылығы, ветеринария,  ауылшаруашылығын қолдау саласындағы мекемелермен, «Тараз» ӘКК, «Даму» қоры, Кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер, қаржы институттар, кәсіпорындар және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жүргізу және талдау жасау. Мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылау және талдау жасау, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру. Мемлекет Басшысының, ҚР Премьер-Министрі, облыс әкімінің және т.б. жоғары тұрған органдар жиналыстары хаттамаларының орындалуына талдау жасау, қадағалау, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жедел ақпараттардың жоғары тұрған органдарға тұрақты берілуін қамтамасыз ету, басшылық төрағалығымен өтетін кеңестер, жиналыстарға тізімге сәйкес шақырылушылардың келуін қамтамасыз ету. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы,  D-3 санаты, (№010-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, қарамағындағылардың жұмысын болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті. Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау.  Облыстық құқық қорғау іс-шараларын орындау кезінде құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру, облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен  облыс әкімі аппараты басшысының қоғамдық тәртіпті қорғау және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау және сот органдарымен ұйымдық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету. Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу мәселелері бойынша облыстық іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласындағы. Мамандығы: құқық (жалпы).

«Қазақстан-2050» Сстратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, «Еңбек туралы» ҚР Заңын, ҚР Азаматтық Кодексінің, қылмыстық процессуалдық кодекстің жалпы бөліміні, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы   басшысының орынбасары,  санаты D-О-2, 1 бірлік, №03.

Функционалдық міндеттері:    басқармамен ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің актілерін, Жамбыл облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін, Жамбыл облысы әкімдігінің қаулыларын облыс аумағындағы жолаушылар мен жүк тасымалы, жалпы қолданымдағы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалуын қамтамасыз етіп, ұйымдастырады. Жалпы қолданымдағы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының, ондағы құрылымдардың техникалық және пайдаланымдық жағдайын тексеруді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.Кешенді сызбалар мен бағдарламалар әзірлеу бойынша жұмыстарды басқарады, яғни: жолаушылар көлігін, жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын дамыту, автомобиль жолдары желісін дамыту жұмыстарын басқарады. Жолаушылар тасымалы кестесін бекітеді, жол саласындағы мемлекеттік бірыңғай техникалық және нормативтік саясатын жүргізіп, орындалуын жүзеге асырады. Тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық облысішілік және елді-мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудандық немесе облыстық елді-мекендермен байланыстыратын бағдарлардың, (маршрут) жұмысын ұйымдастырады және жолаушылар мен жүк тасымалы бағдарларын, ондағы қозғалыс кестелерін бекітеді. Жолаушылар мен жүк тасымалы бағдарларында қызмет ету құқығына конкурстар ұйымдастырып, тікелей конкурстар өткізеді, бағдарларда қызмет ету құқығын беретін куәліктердің берілуін қамтамасыз етеді. Облыстық мәндегі жалпы пайдалынымдағы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген тәртіпте жол-құрылысы және жөндеу жұмыстарын  жүргізуге рұқсат қағаздары рәсімдеуді және беруді қамтамасыз етеді. Жалпы қолданымдағы автомобиль жолдарының бойында сервис және жарнама нысандарын орнатуға жеке және заңды тұлғалардың паспортына келісім беруді (немесе келісім бермеуге дәлелденген жауабымен) қамтамасыз етеді, және осы мәселе бойынша қабылданған шешім негізіне келісім-шарт жасасады. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылатын автомобиль жолдарын жобалау, салу және жөндеу жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша Басқарма  тапсырыс беруші болып табылатын  жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарының   нәтижелері бойынша келісім-шартқа  қол қою кезде Басқарманың уәкілдік  берілген  өкілі ретінде  әрекет жасайды.  Құрылысы аяқталған нысандар бойынша мемлекеттік қабылдау комиссияның жұмысын ұйымдастырады.Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын  тасымалдаушы мекемелердің, автовокзалдар мен автостанциялардың, меншік иелігіне байланыссыз, қызметтерін бақылайды. Автомобиль тасымалымен жолаушылар мен жүк тасу бағдарларында қызмет ету құқығына жасасқан келісім-шартпен қарастырылған талаптарды бұзған тасымалдаушыларға, олармен жасасқан келісім-шарттарды бұзуға дейін, бағдарларда қызмет ету құқығына берілген куәліктерді кері қайтаруға дейін, және осы бағдарларға жаңа конкурс жариялауға дайін шара қолдануды бақылайды. Жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жолаушылар көлігінің бағдарлау қызметін бақылайды. Облыс аумағындағы Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылатын нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттамалардың сапасын, тапсырыс берушілердің  техникалық  қадағалау қызметін және құрылыс-монтаж  жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін мердігерлердің қадағалау қызметін, нысандарда жүргізіліп жатқан  құрылыс сапасын және құрылыс өнімдерін қадағалайды. Жобалау және құрылыс мекемелерімен жасасқан келісім-шарт мендеттемелерінің орындалуын қадағалайды. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамалардың, жұмыс сызбаларының құрылыс нормалары мен ережелеріне, ГОСТ-тарға және техникалық   шарттарға,  техника қауіпсіздігі нормаларына және өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігіне, еңбекті ғылыми ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін, нысандардың құрылысын, қайта өңдеу және жетілдіру жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық  құжаттамалардың уақтылы берілуін, белгіленген құрылыс ұзақтығы нормалардың сақталуын, негізгі қорлар мен өндірістік күштерді енгізу мерзімдерінің сақталуын, қоршаған ортаны қорғау заңдылығы талаптарының сақталуын, сондай-ақ  техникалық қадағалау жүргізуді бақылайды. Басқарма қызметкерлерімен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және  басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығы талаптарының орындалуын бақылайды. ҚР Инвестиция және даму министрлігімен, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен, облыс аймағында жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы мекемелермен, сондай-ақ автомобиль жолдарын  салу, жөндеу қызметімен айналысатын мердігерлік мекемелермен өзара бірлесіп жұмыс жасайды. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы:  құрылыс немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

Қазақстанның «Қазақстан – 2050»  Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін, Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы»  Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының балалар және босануға көмек көрсету жұмыстары жөніндегі орынбасары, санат D-O-2, 1 бірлік (№ 01-01-02).

Функционалдық міндеттері: балалар және әйелдер аурушаңдығына, сонымен қатар облыстағы демографиялық ахуалына талдау жүргізу (аналар және балалар өлімі, жалпы өлім, табиғи өсім). Денсаулық сақтау ахуалына шолу және болжам жасау, ұйымдастыру-әдістемелік, басшылық және салалар бойынша медициналық көмек көрсету жөнінде жетекшілік жасау, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу. Оперативтік кеңестер ұйымдастыру, денсаулық сақтау басқармасы және ҚР ДС ӘДМ тарапындағы алқаларды, семинарларды даярлауға қатысу. Балалар және босануға көмек көрсету жөніндегі емдеу-алдын алу ұйымдарының жұмысын үйлестіру, медициналық жабдықтар, медикаменттер алуға өтінімдер беру мәселесін үйлестіреді. Меншік түріне қарамастан емдеу-алдын-алу ұйымдарының қызметін үйлестіру және қадағалау. Сала бойынша  бөлім  басшысының, бас және жетекші мамандардың қызметін  бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы. Мамандығы: жалпы медицина

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы 1 бірлік, санаты
D-О-3, № 3-1.


Функционалдық міндеттері: басқарманың қаржыландыру сметасын, штаттық кестесін әзірлеу және бекітуге ұсыну. Басқармаға қарасты мекемелерінің толық жоспарланған қаржыларының орындалуын қадағалау және стратегиялық, салалық бағадарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізу. Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді және қаржы басқармасына ұсынуды ұйымдастырады. Еңбекақы қорларының дұрыс жұмсалуын, штаттық, лауазымдық қызметақы, әкімшілік-шаруашылық және өзге шығындардың есеп айырысу тәртібінің дұрыс сақталуын, басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу,бюджеттік бағдарламаларының орындалуын және бюджет қаржысын мақсатты жұмсауын бақылайды. Республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына тікелей жауапты. Мемлекеттік  мекемелермен, Министрліктермен, Үкіметті органмен, ықтимал өнім берушілермен, сырт мекемелермен, сондай құрылымдық бөлімшелермен Басқарма құзырындағы мәселелер бойынша хаттарға жауап жобасын әзірлейді.Басқарманың және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептерін жүргізілуін үйлестіру. Мемлекеттік сатып алуға байланысты рәсімдердің уақтылы және сапалы өткізілуіне тікелей жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.   

 6. Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің  бас маманы-мемлекеттік инспектор, санаты D-О-4, 1 бірлік, №4-4.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың ҚР  жер заңдарын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына, межелiк белгiлердiң сақталуын және  бүлiнген жердiң жаңғыртылуын қадағалау, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асыру, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге, жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауын  ұйымдастыруын жүзеге асыру әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарау; төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдау, пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау, іздестіру және игеру кезінде геодезиялық, картографиялық жұмыс іс-шараларын дұрыс атқаруын қадағалау; ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы. Мамандығы -жерге орналастыру  немесе кадастр немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын,Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілерін білу.

7.      Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ауыл

шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, энзоотия және жұқпалы емес аурулар бойынша бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер 2020 жылғы 25 мамырына дейін бала күтіміне байланысты демалыстан шыққанға дейін), санаты  D-O-4, 1 бірлік № 01-05-02.

Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасу; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізу; бөлімге тиісті ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету; профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін, қажетті препараттар көлемін әзірлеу, ауру тіркелген жағдайда таралуына жол бермеу мақсатында іс-шаралар жоспарын жасау, орындалуын талдау; жануарлардың энзоотиялық ауруларының арналған ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды(жеткізуді) аудандарға бөлуді; ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу; Конго Қырым Геморрагиялық Қызбасының  таратушы кенелердің табиғи ошағында орналасқан аудандарына кенеге қарсы қолданатын акарацидті препараттарды сатып алуға керекті қаржының сметасын жасау және тиісті орындарға мәлімет беру; КҚГҚ-ның таратушы кенелердің табиғи ошағында орналасқан аудандарында кенеге қарсы  атқарылған жұмыстардың орындалуы туралы ақпарат жинау, тиісті орындарға мәлімет беру; бөлімнің жылдық жарты жылдық жұмыс жоспарын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және медиа-жоспарын даярлау, бекітуге ұсыну, белгіленген мерзімінде орындалуын, бекітілген  бірдейлендіру жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың  апталық мәліметін жинақтау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау, іс-қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау. Бөлімнің басшысы еңбек демалысына шыққан немесе еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда міндетін атқару. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ветеринария саласында. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).

"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы»  Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 

8. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, санаты D-О-2, 1 бірлік, №01-04.

Функционалдық міндеттері: өз құзыреті шегінде білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты. Мемлекеттік білім мекемелерінің құрылысы және материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін үйлестіреді және бақылайды,республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттік қаражаттардың жұмсалуына жетекшілік етеді. Білімді дамыту, құрылыс және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, білім саласындағы  мемлекеттік бағдарламасын, өңірлік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз етуді қадағалайды, басқарма аппаратының шығыстар сметасының  (тарифтеу, қызметкерлердің штаттық кестесі, желілік есептер) құрылуына және орындалуына, бухгалтерияның жұмысына, кредиторлық қарыздар бойынша есеп беруге қадағалау  жасайды.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын  іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.Өз құзыреті шегінде жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық есептердің деректерін жинауды қамтамасыз етеді.Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа объектілерді жобалау және салу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімі аппаратының қарауына ұсынады, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлайды және облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.Облыс бюджеті бойынша білім беруді  қаржыландыру мен білім беру шығыстары жоспарларының жобасын әзірлейді және облыс әкімі аппаратына ұсынады. Облыстық білім басқармасына қарасты мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін қадағалайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдар қарайды, азаматтарды жеке  қабылдауды  жүргізеді. Басқарма бастығының қатысуымен өтетін алқа мәжілістеріне, кеңестерге өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар әзірлеуді ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық талаптарды, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», Бюджет Кодекстерін, және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған)                     не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не                    «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы



Нысан

Жамбыл облысы әкімі аппараты
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы,  D-3 санаты, (№010-1), 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

Қызметтік тізім
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны Тараз қаласы, Громова көшесі, 70 үй тұрғыны, 87017266441
____________________________________________________________________

________                                               Оразбеков Аслан Уланович
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«1» қараша 2017 ж.

Интерактивті сауалнама

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Сенім телефоны +7 7262 45 28 07
prez
gos2
ultzh